«Алла сақтасын!»: Мақпал Жүнісова өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді
Әншінің айтуынша, Құралай Нұрқаділова өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жүр
Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде көпшіліктен көмек сұрап, өзі мен қызының өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.
Әншінің айтуынша, өзіне Құралай Нұрқаділова қоқан-лоққы көрсетіп жүр.
«Ұяты жоқ әйел, үндемеуге тырысасың, бірақ айтуға тура келіп тұр. Сұхбат беріпті, анам қанша жыл үндемей келді. Енді үндемейміз. Ол кісі жай ғана айтпаған, өте әдепсіз айтқан. Ол менің мінезімді біледі ғой, шындығында мен қатты ашулануым мүмкін», - деген Құралай Нұрқаділова.
Ал Жүнісованың өзі аталған видеоға қатысты мынадай жазба қалдырған.
«Мені қорқытпаңдар, сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі, сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла. Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар», - деп жазған Мақпал Жүнісова.