Ақтауда көпқабатты үйдің маңдайшасы құлап, 1 адам қаза тапты

Динара Амантай

Тағы 2 адам жарақат алды

Фото: lada.kz

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдегі кіреберістің маңдайшасы опырылып түсіп, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Ақтау қаласының 9-шағын ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, кіреберістің маңдайшасы құлап, салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Зардап шеккен тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Бір ер адамды құтқару мүмкін болмады, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ зардап шеккендердің екеуі қазір медициналық тексеруден өтіп жатқаны белгілі болды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Қайтыс болған адам мен зардап шеккендердің мердігер компанияның жұмысшылары екені анықталды. Қайғылы оқиға олардың маңдайшаны бөлшектеп жатқан кезінде болған.