Қылмыскерді экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Түркістан облысының полицейлері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Оны полицейлер Шымкент қаласынан ұстады.
Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазір оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Беларусьте қылмыс жасап сотталған 2 қазақстандықтың елге қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.