Қарағандыда 52 жастағы әйелден георин тәркіленді
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қарағандыда полицейлер әйелден жарты келіге жуық героин тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы әйелді анықтаған. Тінту кезінде күдікті ерікті түрде жалпы салмағы 448 грамм болатын 3 орам героинді тапсырды.
ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін тараздық әйелден де синтетикалық есірткінің 75 орамы тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз.