Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды.