Halyq Uni логотип
×

Антикор қамауға алынған Абылай Мырзахметовке қатысты істің мән-жайын жариялады

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 11.05.2023 | 10:59
Антикор қамауға алынған Абылай Мырзахметовке қатысты істің мән-жайын жариялады
коллаж: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама