Таразда әйелден синтетикалық есірткінің 75 орамы тәркіленді
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Таразда ер адамнан синтетикалық есірткінің 75 орамы тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстаған. Ұсталған әйелдің жалға алған пәтерін тінту барысында жатын бөлмеден жалпы салмағы 21,51 грамм Альфа-PVP синтетикасы бар 75 орам тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес, мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.