×

Түркістан облысында ағаштарды заңсыз кескен тұрғындар ұсталды

Олар ағаштарды отын үшін отаған

 Халық үні 15.04.2022 | 11:20
фото: polisia.kz

Түркістан облысына қарасты аймақтарда арнайы жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары тыйым салынған ағаштарды заңсыз кескен күдіктілерді құрықтады.

Мәселен, Түлкібас ауданының тәртіп сақшылары жергілікті екі тұрғынды қара ағашын заңсыз шауып, КамАЗ жүк көлігіне артып жатқан жерінен ұстады. Алдын ала тексеру барысында күдіктілердің шабуға тыйым салынған ағаштарды үйлеріне отын ретінде қолдану үшін жинағаны анықталды, – дейді полиция.

Заңсыз, рұқсатсыз оталған жыңғылдың жалпы көлемі екі текше метрден асады. Келген шығын – 80 мың теңге.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, қылмыстық кодекстің 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша тіркелді. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама