Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен марихуана тәркіленді
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен марихуана тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 сәуірде сағат 22:15 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған 23 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушысының үйінің ауласын тексеру барысында 90,2 грамм марихуана тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін де осы облыстың деструктивті діни ағымды ұстанатын 2 өкілінен марихуана тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз.