Алматыда жануарлардың құқығын қорғауға арналған митинг өтетін болды
Онда үй жануарларын алып баруға болады
Алматы әкімдігі жануарлар құқығын қорғау мақсатында бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы «KARE-Забота» жануарларды қорғау қоры хабарлады.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, 14 мамырда «Сары-Арқа» кинотеатры артындағы алаңда бейбіт жиын өтеді.
«Митинг өткізуге рұқсат беріліп, қалалық әкімдікпен келісілген. Бейбіт жиынның мақсаты – мына мәселелер бойынша қоғамдық пікір білдіру:
- жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
- «Ұстау-стерилизация-вакцинация-қайтару» бағдарламасын орындамау;
- жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, егер негізгі себептер жойылмаса, атап айтқанда: үй жануарларын жауапсыз ұстау және өсіру;
- НҚА бойынша ресми жұмыс;
- жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілетін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлар жұмысына кедергілер;
- ІІМ тарапынан жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне тиісті реакцияның болмауы;
- ит тістеп алғаны туралы сенімсіз деректер;
- білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар», - деді ұйымдастырушылар.
Митингке үй жануарларын алып баруға болады, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттерде тұмылдырық болуы керек.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл митингке жергілікті билік келісім мен рұқсат бергенін растады.