Былтыр Қазақстанда самокат тепкен бір адам қайтыс болды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов самокат тебетіндер үшін жаңа ережелер дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір аталған құжат Мәжілісте талқыланып жатыр.
Онда төмендегі нормалар қамтылған:
Министрдің айтуынша, заң жобасы әлі қабылданған жоқ. Құжат депутаттардың ұсынысымен енгізілген.
Құжат самокатпен жолда жүруді заңмен реттейді. Мысалы, қазір самокат мінген адам 18 жасқа толған, әрі жүргізуші куәлігі болуға тиіс. Олар жолдың тек оң жағымен жүре алады, - деді Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Ішкі істер министрі самокат тебетіндер тротуармен жүрсе, басымдық жолаушыларға (жаяу) берілетінін ескертті.
Жыл басынан бері самокат тебетіндерге қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды. Осындай статистика бар. Алдымен заң қабылдансын, сосын оны ұсынған бір топ депутат толық мәлімет береді, - деді министр.