Halyq Uni логотип
×

Католик шіркеуі қызметкерлерінің Қазақстанға келуі жеңілдейді

Қазір елімізде 232 шіркеу қызметкері еңбек етіп жүр

 Дәурен Ерболат 10.05.2023 | 11:15
Католик шіркеуі қызметкерлерінің Қазақстанға келуі жеңілдейді
фото: Рим папасының Қазақстанға сапары, 2022 жыл

Мәжіліс депутаттары Католик шіркеуі қызметкерлерінің Қазақстанға келіп, жұмыс істеуін жеңілдететін келісімді ратификациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге қосымша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келісімге Рим папасы Францисктің Қазақстанға былтырғы іс-сапары барысында қол қойылғанын атап өтті.

«Аталған шарт католик шіркеуі қызметкерлерінің санатын, тиісті субъектілерін және құзыретті органдарын нақтылайды, тұрақты тұру тәртібі жеңілдейді. Атап айтқанда, банк шотында ақша болуын, тұратын жерін растау туралы талаптар алынып тасталады. Олардың орнына католик шіркеуінің жазбаша растауы жеткілікті болады.

Аталған ұсыныстар конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықаралық деңгейдегі елімізді құқықтық мемлекет ретінде абыройын арттыруға септігін тигізеді», - деді министр.

Ішкі істер министрінің айтуынша, бүгінде мұндай келісім керек.

Өйткені (келісім) бізде миссионерлік қызмет атқарып жатқан конфессия қызметкерлеріне жағдай жасау үшін жасалып отыр, - деді ол.

Ішкі істер министрі бүгінде Қазақстанда 232 миссионер жұмыс істеп жүргенін атап өтті.

«Әрине, аталған келісім ратификацияланса, олардың мәртебесі өзгереді. Олардың басым бөлігі 90 күннен кейін визасын создыруға мәжбүр. Осы (келісімнен кейін) оларға Қазақстанда тұруын куәландыратын құжат беріледі», - деді Марат Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама