Биыл Қазақстанда 3 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданған
Елорда қаржы пирамидасын ұйымдастырып, екі мың азаматты алдап соққан тұрғындарға қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша Ахымбекова Р.Ж. және К.Ж.Елеукеноваға қатысты қылмыстық іс тергеліп, аяқталған.
Қаржы пирамидасын құрушы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінен «Астана Раушан касса айналымы» атты чат ашып, 2 мың салымшыны тартқан.
Еске сала кетейік, бұл іс бойынша тергеу жұмытары 2020 жылдың 3 тамызында басталды. Ол кезде «Астана Раушан касса айналымы» қаржы пирамидасының құрбаны болғанда азаматтардың саны 1 мың шамасында болатын.
Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов биыл 3 мыңнан астам адамның қаржы пирамидасына алданғанын, қазір 65 қылмыстық іс қаралып жатқанын айтты.
Оның дерегінше, былтыр 31 мың тұрғын жалпы сомасы 54 млрд теңгеге зардап шеккен.
Әділов қаржы пирамидасын негізгі белгілерін атады: