×

Ұлттық ұландықтар 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

Ғасыр жасаған ардагердің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, Жеңіс күнін еске алды

 Динара Амантай 09.05.2023 | 12:30
Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Ұлттық ұландықтар 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскеменде тұратын Анастасия Светочёва биыл 9 мамыр 101 жасқа толады. Жылда туған күнін Жеңіс күнімен қатар тойлайтын ардагерді 3477 әскери бөлімінің командирі және 5518 әскери бөлімінің сарбаздары мен оркестрі, сонымен қатар «Жас бүркіт» әскер-патриоттық клубының оқушылары арнайы құттықтап қайтқан.

Ғасыр жасаған ардагердің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, Жеңіс күнін еске алды.

Сол кездегі әндер ешқашан өзгермейді. Біз «Катюша», «Үш танкист» әндерін шырқайтынбыз. Бәрі есімде. Ең бастысы, аспанымыз ашық болып, бейбітшілік үстем болсын. Ал, жастарға денсаулық, бақыт тілеймін! – дейді ардагер кейуана.

«Отан соғысы» орденінің бірінші дәрежелі кавалері Анастасия Светочева соғыста әскери байланысшы болған. 101 жасқа толса да, әлі тың. Соғыстағы жерлестерінің ерлігі мен бейбіт өмірдегі тірлігін естен шығармаған. Тіпті, алғашқы әскери билетін көзінің қарашығындай сақтап келеді. Соғыс жылдарындағы негізгі ұрыстардың уақыты мен өткен жері де осы күнге дейін әлі есінде.

Ардагерлеріміздің арқасында аспанымыз ашық, күніміз бейбіт. Олардың ерлігі – біз үшін үлгі, өмірлері – өнеге, – дейді 344 әскери бөлімінің офицері капитан Дархан Мұхтариев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама