×

«Болашақтың» мамандықтар тізімі 23 техникалық университетпен толықты

Тізімге жетекші оқу орындары енді

 Халық үні 15.04.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

«Болашақ» бағдарламасының мамандықтар тізімі 23 жетекші техникалық шетелдік жоғары оқу орнымен толықты.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО тізімі кеңейді. Тізімге 23 жетекші шетелдік техникалық университет енді», – дейді БҒМ.

Осылайша, білім және ғылым министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қайта бағдарлау жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті мен тағы басқалар бар.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға басымдық техникалық мамандықтарға беріліп келеді. Биыл гранттардың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттар білім алатын университеттердің тізімін кеңейттік. Егер бұрын тізімде 213 ЖОО ұсынылса, қазір олардың саны 236-ға жетті. Біз шетелдік университеттер санын көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге олардың географиясын да кеңейтіп жатырмыз. Былтырдың өзінде біз географиямызды 4 елмен толықтырдық. Олардың қатарында Аустрия, Чехия, Ирландия, Оңтүстік Африка бар», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Тізімде топ-250 халықаралық академиялық QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings рейтингтеріне енетін ЖОО мен БРИКС елдерінің топ-20 ұлттық рейтингтеріне кіретін университеттер бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама