Halyq Uni логотип
×

Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ойыл өзені арнасынан тасып жатыр

 Айнұр Асылбекқызы 15.04.2022 | 09:57
Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды
скриншот: видео

Атырау облысында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс аудандық отырысы өтіп, отырыста Ойыл өзенінің арнасынан тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Еске салайық, Атырау облысында Ойыл өзені тасып жатыр. Бұған дейін Қызылқоға ауданында тұратын белсенді азамат Есенбай Нұров жағдайдың өте қиын екенін айтты. Айтуынша, Миялы ауылын су басу қаупі бар. Тиісті шара қолданбаса, су бірер күнде, тіпті бүгін кешке ауылға жетуі мүмкін.

Есенбай Нұров өткен түні төтенше жағдай қызметкерлеріне ерікті жастар көмектесіп, қауіп сейілгенін айтты. Қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған қап қойылды. Оқиға орнында 3 ауыр техника, 70-ден аса ауыл жастары мен еріктілер жүр.

Миялы ауылының су басуына жол бермеу мақсатында, жиналған суды өткізу үшін жол төсемін (облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» автожолы) жырылып, жайылмаға шығатын су Миялы селосын айналып өтіп, Жарыпшыққан өзеніне қосылады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама