Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені де тапсырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ Дүниежүзілік соғыстың екі ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, – делінген президент Жарлығында.
Сонымен қатар, соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Иван Степанович Гапич те осындай атаққа ие болды.