Бұл кезде анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған
Оқыс оқиға 6 мамырда Байтұрсынов көшесі 37, мекенжайында болды. 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кеткен.
Бұл кезде анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған. Қызына бас-көз болып қалған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтады.
Қуанышқа орай, құлайын деп тұрған баланы көршілері дер кезінде байқап, жерде көрпемен тосып алған. Қыз бала дереу ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.