Көкшетауда ер адам танысын пышақтап кеткен
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды
Көкшетауда ер адам танысын пышақтап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Көкшетау қаласы ПБ-ға 29 жастағы ер адам пышақ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Іс жүргізу барысында бұған дейін жәбірленуші мен оның танысы арасында төбелеске айналған жанжал болғандығы анықталды. Ер адамдар көшеде кездейсоқ кездесіп қалып, арты қайғылы оқиғамен аяқталды.
Аталған дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ер адамды пышақтаған күдікті ұсталды. Қазір тергеу шеңберінде оның оқиғаға қатысы анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Көкшетауда жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.