Жанжалға қатысқандардың барлығы жауапқа тартылды
Көкшетауда төбелеске қатысқан 4 адам полицияға жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше «Әскер-7» экипажы облыс орталығын патрульдеу кезінде Әуелбеков – Сағдиев көшелерінің қиылысында жанжалдасқан бір топ жасты байқаған. Қоғамдық тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында көкшетаулық тәртіп сақшылары жедел шара қабылдап, нәтижесінде 4 ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, қала тұрғындары мас күйінде болған.
Сондай-ақ ұсталғандардың барлығы компьютерлік фирмалардың бірінің әріптес-қызметкерлері екені анықталды.
Жанжалдың барлық қатысушылары ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.