×

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді (ВИДЕО)

25 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 06.05.2023 | 09:19
Фото: видеодан скриншот

Атыраулық полицейлер өртке оранған көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 мамырда сағат 19:32 шамасында Атырау қаласы ПБ-ға «101» Өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев өрт шыққан мекенжайға 4 минутта жеткен. Кейін 9 қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтірген қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Екі полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.

Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама