Жетісу облысында ер адам ауылдасының 3,5 млн теңгесін қолды еткен

Динара Амантай

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді

Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында бұған дейін сотталған ер адам ауылдасын тонады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 мамырда Панфилов ауданы Сарыбел ауылының 47 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, өзін ауылдасының тонағанын хабарлаған. Белгілі болғандай, ол жәбірленушіден 3,5 млн теңгені ашық түрде алып қойған.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес («Тонау») жүргізіліп жатыр.