Halyq Uni логотип
×

Үкіметке «жиһад жариялаған» қостанайлық сотталды

Ол президенттің резиденциясында қарумен тұрғанын айтқан

 Динара Амантай 05.05.2023 | 15:33
Үкіметке «жиһад жариялаған» қостанайлық сотталды
Фото: Halyq Uni

Қостанай қаласының №2 сотында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2022 жылдың тамыз айында сотталушы «102» полиция бөліміне орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде қоңырау шалып, Үкіметке жиһад жариялауға дайын екендігі туралы көрінеу жалған ақпарат берген. Сондай-ақ ол президенттің Қостанай қаласындағы Амангелді тұрғын алабындағы резиденциясында қарумен тұрғанын айтқан.

Сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, пробациялық бақылауды тағайындаумен 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама