×

Мал иелері үшін пайдалы мобильді қосымша әзірленді

Ел бойынша 1,5 млн мал иесі мобильді қосымшаның әлеуетті пайдаланушылары болады

 Динара Амантай 05.05.2023 | 13:34
Фото: zakon.kz.

Қазақстанда 1 маусымнан бастап ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаны ведомство АӨК-тегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірлеген. Қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, ол әрбір жануар иесіне өз малын түгендеуге көмектеседі. Сондай-ақ қосымшаның арқасында ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.

Қосымша смартфонда онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейді. Интернет болмаған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады. Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалтқан таңбаны ауыстыру, сондай-ақ сойғаннан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады.

«TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Сондай-ақ мобильді қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын тарату мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар және т.б. бар.

Қосымша жаңартылған сайын ет сатып алушыларға арналған бөлім енгізілетін болады. Қазақстандықтар «sogym.kz» қосымша бетінде тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жануардың ветеринариялық бақылауынан өткен тұтас етіне тапсырыс бере алады.

Әзірге «TortTulik» қосымшасы Android Playmarket-тен жүктеуге қол жетімді болады. Әзірлеушілер кейін iOS-тағы смартфондарға бейімделеді. Айта кетейік, бүкіл ел бойынша 1,5 млн мал иесі мобильді қосымшаның әлеуетті пайдаланушылары болады деп күтіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама