Ол 184,5 млн теңге айыппұл арқалады
Ақмола облысында казиноның заңгері коррупция үшін сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2023 жылдың 2 мамырында Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталды. Оған 20 есе мөлшерде айыппұл салынды. Осылайша айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрады.
Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды, - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.
Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.