Шымкентте жер қатынастары басқармасының басшылығы тергеліп жатыр

Динара Амантай

Сот күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады

Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасының басшылығы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хбарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр. Тергеу барысында басқарма басшысының қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алғаны анықталды. Ал оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласып, жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сот күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.