×

Өмір бойына сотталған қанша адам түрмеде жұмыс істеп жатыр

«Қара бүркіт» түрмесінде 180 адам жазасын өтеп жатыр

 Айгерім Таубай 05.05.2023 | 09:56
Фото: Halyq Uni

Өмір бойына сотталғандар жазасын өтейтін «Қара бүркіт» түрмесінде отырғандар тігін цехында жұмыс істей алады. Қазір қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан 6 сотталушы жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мекемеде 2021 жылы өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорын тігін цехында жұмыс камералары ашылған.

Қазір тігін цехында 6 сотталушы еңбек етіп жатыр. Үміткерлерді іріктеу үшін мекеме сотталғандарды, олардың тігіншілік дағдыларын зерттеді. Сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктерін ескерді, - деп жауап берді комитет редакцияның ресми сауалына.

Айта кетейік, «Қара бүркіт» түрмесінде 180 адам отыр. Бір сотталғанға күніне 5 165 теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама