Қазақстан – Қытай шекарасы уақытша жабылады
Қазақстандықтар 6-10 мамыр аралығында демалады
7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жабық болады. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Мерекеге байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтарды, көлік пен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген ақпаратта.
Соған байланысты комитет тасымалдаушылардан енгізілген шектеулерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.