Жүк көлігі автокөлікпен соқтығысты
Ақтөбе облысында жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 мамырда Қобда кентіндегі Самара – Шымкент автожолында Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында жасөспірім жол апатын жасап, адам өліміне себепкер болғанын хабарлаған болатынбыз.