Қызылорда облысында жасөспірім адам өліміне себепкер болды

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында 17 жастағы жігіт жол апатына себепкер болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Шиелі кентінде 17 жастағы тұрғын Toyota автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасаған. Жол апаты салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған үшеуі жарақат алды.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, – деп хабарлады Қызылорда облысы ПД Анықтау басқармасының бастығы Жамал-ад-Дин Назарбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жыл сайын көлік апатынан 2 мыңға жуық адам көз жұматынын хабарлаған болатынбыз.