Halyq Uni логотип
×

Павлодарда жасөспірім мектепте бұрыш баллонын шашып жіберген: 3 оқушы зардап шекті

Бұл жолы бұрыш бүріккіш сыныпқа себілген

 Динара Амантай 04.05.2023 | 16:55
Павлодарда жасөспірім мектепте бұрыш баллонын шашып жіберген: 3 оқушы зардап шекті
Фото: Halyq Uni

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте бұрыш баллонын шашып жіберіп, салдарынан 3 оқушы зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 мамырда сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының ПБ-ға қала мектептерінің бірінің 3 оқушысы уланып, ауруханаға жатқызылды деген хабарлама түскен. Анықталғандай, 16 жастағы 9-сынып оқушысы өзімен бірге бұрыш сепкіш алып келген. Сабақ барысында ол сыныптастарымен бірге бұрыш сепкішті сыныпта шашпақ болып келіскен. Сағат 11:35 шамасында оны достарының бірі шаша бастаған. Мұғалімдер болған оқиғаның мән-жайын білген соң сынып іші желдетіліп, дымқыл ерітіндімен тазартылды. Екінші ауысымда осы сыныпта 6-сынып оқушылары оқыған. Сабақ барысында олардың кейбірі көздің ашуы, беттің қызаруы түріндегі белгілермен өздерін нашар сезінген. Кезекші әкімшілікпен жедел жәрдем шақырылып, оқушылар сынып жетекшісімен бірге ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша полицияда заңды өкілдер мен педагогтардың қатысуымен алдын алу кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша 15 жастағы оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен әкімшілік материал жасалды. Жасөспірімнің заңды өкіліне 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ барлық кәмелетке толмағандармен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы алдын алу сипатындағы әңгіме жүргізілді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 9-сынып оқушысы 7 баланың денсаулығына нұқсан келтіргенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама