ЖШС басшысы жұртты мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызамын деп алдап келген
Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды
Ақтөбе облысында 30-ға жуық адам жұмысқа тұрғызуға уәде берген ЖШС басшысына алданып, ақшаларынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе облысы ПД «West Trans Group-M» ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, жұрттан 150-300 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған.
Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды. ПД дәл осы алаяқтықтан зардап шеккен тұлғаларға облыстық ПД-ның 416 кабинетіне хабарласуды немесе 8(7132)936-416 телефонына қоңырау шалуды сұрайды, – Ақтөбе облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері басқа өңірлердің тұрғындарынан тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарласуды сұрады.