×

Астанада жойқын жарылысқа жол берілмеді

Өрт сөндірушілер 8 сағат жұмыс істеген

 Дәурен Ерболат 04.05.2023 | 13:36
Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Елордада өрт сөндірушілер жойқын жарылысқа жол берілмеді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

3 мамырда сағат 15:08-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Шұбар шағын ауданында аспанды түтін басқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер Қараөткен көшесіне 8 минутта жетті. Сол уақытта «Алтай Апартаменттер» қонақ үйінің аумағында газ толтырылған цистернаның (сыйымдылық) вентильдерінде алаулап газ жанып жатқан, - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер қонақ үйді салқындату және қорғау үшін оқпандарды қолданды. Қала әкімдігі ТЖД жеке құрамындағы 40 адамды тамақпен қамтамасыз етті.

Араға 8 сағат салып, өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары – өрт сөндіру қызметі жетекшісінің басшылығымен дұрыс қабылданған шешімнің және мамандардың үйлесімді еңбегінің нәтижесінде өрт сөндірілді. Осылайша, елордалық өрт сөндірушілер қонақ үй кешені мен жақын маңдағы тұрғын үйлердің қирауына және жойқын жарылысқа жол бермеді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама