×

БҚО түрмесінде ІІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтың құқығы қорғалды

Орналастыру кезінде оның мүгедектігі ескерілмеген

 Динара Амантай 04.05.2023 | 10:34
Фото: theconversation.com

Батыс Қазақстан облысында сотталған адамның құқығы қорғалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі және БҚО бойынша ҰАТ тобына сотталған азаматтан материалдық және тұрмыстық қамтамасыз ету тұрғысынан адамдық қадыр-қасиетін қорлау туралы ақпарат түсуіне байланысты арнайы бару арқылы қабылдау жүргізілді.

Сотталғанның ІІІ топтағы мүгедектігі бар азамат екендігіне қарамастан, оны жазасын өтеу үшін 4-қабаттағы отрядқа орналастырғаны анықталды.

Өкілдің араласуынан кейін сотталғанның құқықтары қалпына келтіріліп, нәтижесінде жазасын өтеуші 1-қабатқа ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама