Қостанай облысындағы түрмеде 180 адам жазасын өтеп жатыр
Өмір бойына сотталғандар жазасын өтейтін «Қара бүркіт» түрмесінде 180 адам отыр. Halyq Uni қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталған азаматтарға бір күнге қанша теңге жұмсалатынын сұрады.
Қазір бір сотталғанға күніне 5 165 теңге қарастырылған, - деп жауап берді комитет.
Бұған дейін «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін өмір бойына сотталған Владислав Челахтың түрмеде екі рет тәртіп бұзғаны хабарланды.
Сондай-ақ алматылық адамжегіштер Евгений Турочкин мен Михаил Вершининнің тәртібі белгілі болды. Сотталған Евгений Турочкин жазасын өтеудің белгіленген тәртібін бұзған. Ол тәртібін екі рет бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.
Алматыда 2021 жылы бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов та жазасын «Қара бүркіт» колониясында өтеп жатыр.