Тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші жазаланды
Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полияция қызметкерлерінің мәліметінше, Екібастұз қаласының Бәйет ауылында ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын заңсыз салумен айналысқан Өзбекстан азаматтарын «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Азария Шукубаева мен Снежанна Захарова анықтаған.
Еңбек қызметін уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші де жазаланды, – деді облыстық көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Павлодар облысының полиция департаменті азаматтардан Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.