Ол 100 мыңға жуық қорап темекіні Алматыдан тасымалдапты
Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан. Бұл туралы БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол контрабандалық темекі өнімдерін Алматыдан тасымалдап, қала базарларындағы бөлшек сауда орындарында сатқан.
«Тұрғыннан 100 мыңға жуық қорап темекі табылды. Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқан.
Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 93 мың қораптан асып, құны 59 млн теңгені құрады. Аталған дерек негізінде БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Одан әрі шаралар қабылдау үшін заттай айғақтар сот орындаушыларына жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.