Атырауда «Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» 800 мың теңгеге жуық айыппұл төледі
Бұзушылықтарды жою туралы жеке ұсыныс жасалды
Атырау облысы бойынша ТРМК департаменті Атырау облысы білім басқармасының «Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-әрекеттерінде өлшеудің 50 сенімсіз құралын пайдалану бөлігінде бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Прокуратурамен бірлескен тексеру іс-шаралары барысында коммуналдық мекеменің іс-әрекеттерінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес, міндетті тексеруге жататын 50 тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдалану мен қолдануда көрсетілген бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде осы мекеме тәрбиеленушілерінің денсаулығындағы кінәраттардың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын медициналық таразы, бой өлшегіш, қысымды өлшеу құралы, термометрлер және т.б. бар.
Заң бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 419-бабына сәйкес 793 500 теңге (230 АЕК) сомасына жаза қолдану туралы қаулы шығарылды. Бұзушылықтарды жою туралы жеке ұсыныс жасалды.
Қазір департамент салған айыппұлды коммуналдық мекеме өз еркімен толық көлемде төледі.