×

Қарағандыда қайғылы оқиғамен аяқталған екі ер адамның төбелесінің видеосы шықты

Кадрлардан мекемеде топырлап тұрған адамдарды көруге болады

 Халық үні 01.05.2023 | 21:37
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы рестобар маңындағы жанжал түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео Instagram-дағы қоғамдық dorogi_karagandy парақшасында жарияланған. Кадрлардан мекемеде топырлап тұрған адамдарды көруге болады. Біреуі соғып, қарсылас оған жауап беруге тырысады, ал басқалары оларды ажыратуға тырысады.

2023 жылы 30 сәуірде Қарағандыда түнгі сағат 2:00 шамасында TEDD мейрамханасының жанында екі ер адам арасында ауызша жанжал болып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Жанжал кезінде 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен жұдырықпен ұрған, жәбірленуші жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама