ҰҚК Академиясының курсанты жатақханада өзіне қол салды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының жатақханасында курсанттың мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылған. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.
Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат депутаты Геннадий Шиповских сарбаздардың өліміне әскери басшыларды жауапқа тарту керектігін айтқан болатын.