×

Шымкентте қылмыстық топ жас қыздарды порнографиялық өнімдерді жасауға тартқан

Порностудиялар Шымкент, Алматы және Астана қалаларының аумақтарынан ашылған

 Динара Амантай 01.05.2023 | 14:18
Фото: Алматы ПД-ның баспасөз қызметі

Шымкентте жасөспірім қыздарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тартқан Қырғыз Республикасының азаматымен құрылған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, жабық сот мәжілісінде «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу», «Қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға бірнеше рет тарту», «Есірткі құралдарын және психотроптық заттарды ірі көлемде өткізу мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау», «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату», «Қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмағандарды порнографиялық материалдарды дайындауға немесе олардың айналымына бірнеше рет тарту» бойынша қарастырылған қылмыс белгілерімен Қырғыз Респуликасының азаматына, сондай-ақ «Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу», «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату» қылмыстары бойынша тағы 8 адамға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сотта анықталғандай, 2020 жылы Қырғыз Республикасының азаматы өзінің таныстарынан Қазақстанның аумағында электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы порнографиялық сипаттағы материалдарды заңсыз тарату мүмкіндігі бар екендігі туралы ақпарат алып, пайдакүнемдік ниетте ұйымдасқан қылмыстық топ құру туралы шешім қабылдаған. Әрі қарай, осы қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында, ол бұл топқа порнографиялық материалдарды заңсыз таратуға тұрмысы төмен тұрғындар арасынан жас қыздарды тартқаны үшін ақшалай сыйақы беруге уәде етіп, Қырғыз Республикасының 4 азаматы және өзінің таныстары арқылы Шымкент қаласының 6 тұрғынын тартқан. Сондай-ақ, ол топтың басшысы ретінде басқа мүшелерге порностудиялар үшін тұрғын жайларды жалға алу және компьютелік техникамен жабдықтау, тікелей эфирлердің кестесін белгілеу, жасөспірімдердің жұмысына бақылау жасау, оларды әртүрлі жасанды жыныстық имитаторлармен қамтамасыз ету, тікелей өзі қадағалайтын міндеттеріне (Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде) тікелей эфир кезінде қыздарға шетелдік көрермендердің тапсырыстарын ағылшын тілінен орыс тіліне аударатын «операторлар» деп аталатын тұлғаларды белгілеу міндеттері мен рөлдері нақты бөлініп берген.

Бөлінген рөлдерге сәйкес, топ мүшелері тұрмысы төмен мұқтаж тұрғындар арасынан порнографиялық сипаттағы материалдарды заңсыз тарату мақсатында жас қыздарды таңдаған және үгіттеген. Олардың келісімін алған жағдайда, жеке куәліктері мен фотосуреттерін тиісті порносайттарға тіркеу туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін топ басшысына ұсынған. Егер модель тіркеуден өткен жағдайда, нақты ұсыныс енгізген қатысушы олардың жұмыстарына, атап айтқанда тікелей эфирлер кестесінің сақталуына қадағалау жүргізу, екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе қолма-қол тәртіпте бұл қыздардың еңбекақы төлемдерін төлеу және бұл жұмыстары туралы тікелей топ басшысына есеп беріп отыру міндеттерін атқарған.

Бұл ретте барлық шығындар топ басшысының тарапынан шет мемлекеттерге таратылған порнографиялық және эротикалық сипаттағы материалдар үшін осы елдердің азаматтарынан, әрбір модельдің порнографиялық сайттарда тіркелген логиндеріне түскен «токин» түріндегі қаржылық жиынтықтары есебінен төленіп отырған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан Шымкент, Алматы және Астана қалаларының аумақтарынан ашылған жасырын студиялар 2020 жылдың мамыр айынан 2021 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта белсенді әрекет етіп, эротикалық және порнографиялық материалдарды таратып келген және олардың бұл әрекеттеріне тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 57 жас қыздар модельдер ретінде тартылған.

Қылмыстық топтың 2021 жылы Шымкент қаласындағы іс-әрекеттері барысында,  топ басшысы және басқа тұлға порнографиялық және эротикалық сипаттағы материалдарды таратуға 2 жасөспірімді де тартқан.

Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша жүргізілген тінту жеке тінту тергеп-тексеру әрекеттері барысында, топ басшысынан және тағы бір мүшесінен өткізу мақсатынсыз заңсыз алып, сақтап жүрген есірткі құралы және ірі көлемдегі психотроптық зат табылып алынған.

Сот Қырғыз азаматын қылмыстық топ құрып және оған басшылық жасап, порнографиялық және эротикалық сипаттағы материалдарды таратуға, оның ішінде көрінеу кәмелетке толмағандарға қатысты аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттеріне, тағы 9 адамды осы қылмыстық топ құрамында порнографиялық материалдарды таратуға қатысқандықтары үшін кінәлі деп таныды.

Баяндалғандарға байланысты, сот қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті жасаған қылмыстарына байланысты топ басшысына 12 жыл, бір мүшесіне 7 жыл, 4 азаматқа 6 жылдан, екі азаматқа 5 жылдан, 2 азаматқа 3 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады.

Топтың бір мүшесі оның әрекеттерінде бұл қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының болмауына байланысты ақталды.

Тағы 2 азамат ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама