×

Министрлік оқу-тәрбие мәселесін шешу үшін Ата-аналар академиясын құрмақ

Бұл бастама отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған

 Еркеғали Болатұлы 30.04.2023 | 11:43
фото: gov.kz

Еліміздің мектептерінде Ата-аналар академиясы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысы Қазалы ауданының ата-аналары және жұртшылықпен кездесуінде мәлімдеді.

Министрлік балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуда отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған «Ата-аналар академиясы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын әзірлеп жатыр, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлікке қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, президенттің тапсырмасымен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленген.

Министрлік жетілдіріп жатқан заңнамалық базада баланың жәбірленуден қорғану құқығы бекітілген. Балалар арасындағы жәбірлеудің алдын алу, мектептердегі психология қызметінің жұмыс ережесі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу алгоритмі қабылданды.

Енді ата-аналармен осындай кездесулер еліміздің барлық өңірінде жалғасатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама