×

Өскеменде мас ер адам тапаншамен ұсталды

Қарудың құжаты жоқ болып шықты

 Динара Амантай 29.04.2023 | 16:02
Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Өскеменде мас ер адам тапаншамен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 сәуірде сағат 19.08 шамасында Өскемен қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне әйел адам П. Буров көшесі бойында орналасқан «Дорожник» мейрамханасында қолына тапанша ұстаған белгісіз біреуді көргенін хабарлаған. 5518 әскери бөлімінің әскери жасағы ақпаратты алысымен дереу белгіленген мекенжайға жетеді.

Әскери жасақ тобының бастығы сержант Азат Ульянов іздеудегі азаматты беліне тағылған тапаншаның қабынан танып қойған. Күдікті алкогольдік ішімдікке масайраған, ал тапанша газобалонды пневматикалық қару екендігі анықталды. Алайда, оның құжаты жоқ болып шықты, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Ұлттық ұлан сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұсталған азаматты полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама