×

Қытайдың 4 азаматы әуе рейсінен түсірілді

Рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған

 Динара Амантай 29.04.2023 | 09:56
Фото: ашық дереккөз

Масаң күйіндегі Қытай Халық Республикасының төрт азаматы Алматы қаласы әуежайында әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік ПБ-ға Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтары анықталды.

Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда алкогольдік масаңдықтың «орташа» дәрежесі анықталды.

Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама