Екіншісі әлі іздестіріліп жатыр
Бүгін Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, екі адам үйінді астында қалған болатын.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, табиғи апат таулы аймақтың «Жастар» шыңында болған. Оқиға орнында 30-дан астам адам, 8 арнайы техника, 1 тікұшақ, 1 дрон жұмыс істеп жатыр. Жоғалғандарды іздестіруге кинолог мамандар да тартылды.
Бірнеше сағат өткеннен кейін құтқарушылар қар үйіндісінен бір адамды тапты. Құтқарылған адам есін біледі. Алдын ала болжам бойынша, оның иығы шығып кеткен. Ал екінші адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.