Ол балықты Бұқтырма өзенінен ұстаған
ШҚО тұрғыны салмағы 4,2 келі болатын 1 балық үшін мемлекетке 3 млн 105 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы жергілікті yk-news.kz хабарлады.
Балықшының бұл «қылмысы» арнайы рейдтік іс-шара барысында анықталған. Оның пакетінен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген таймен балығы табылған.
Өзінің айтуынша, ол балықты Бұқтырма өзенінен аулаған. Қазіргі уылдырық шашу маусымында балық аулауға қатаң тыйым салынғанынан бөлек, ол тұқымы сиреп кеткен тайменді мүлде алуға болмайтынын да білмейді екен.