Halyq Uni логотип
×

ШҚО тұрғыны бір-ақ балық аулағаны үшін 3,1 млн теңге айыппұл арқалады

Ол балықты Бұқтырма өзенінен ұстаған

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2023 | 17:10
ШҚО тұрғыны бір-ақ балық аулағаны үшін 3,1 млн теңге айыппұл арқалады
фото: дереккөз

ШҚО тұрғыны салмағы 4,2 келі болатын 1 балық үшін мемлекетке 3 млн 105 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы жергілікті yk-news.kz хабарлады.

Балықшының бұл «қылмысы» арнайы рейдтік іс-шара барысында анықталған. Оның пакетінен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген таймен балығы табылған.

Өзінің айтуынша, ол балықты Бұқтырма өзенінен аулаған. Қазіргі уылдырық шашу маусымында балық аулауға қатаң тыйым салынғанынан бөлек, ол тұқымы сиреп кеткен тайменді мүлде алуға болмайтынын да білмейді екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама