×

Елімізде қазір 14,4 мыңнан аса шетел азаматы заңды жұмыс істеп жүр

Ең көп адам - құрылыс саласында

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2023 | 13:29
фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етіп жатыр.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мына санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 584 рұқсат (бірінші санат);
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 028 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (7 186 адам) және төртінші (881 адам) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 302 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 437 адам тартылған.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп адам (5 262) құрылыс саласында жұмыс істейді. Ал тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7%); өңдеу өнеркәсібі – 883 адам (7%).

Еңбек мигранттары негізінен Қытайдан (3 493 адам), Түркиядан (1 523 адам), Үндістаннан (1 722 адам), Өзбекстаннан (1461 адам) келген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 дана мөлшерінде белгіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама