Зардап шеккен 1 мыңнан аса адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген
Жыл басынан бері елімізде 2 мыңнан аса төтенше жағдай тіркеліп, оның 7%-ға жуығы елордаға тиесілі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар минитсрі Юрий Ильин елорда тұрғындарымен есептік кездесу барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Азаматтарымыздың көмек туралы әрбір сигналына министрліктің бөлімшелері дереу ден қояды. Бірінші тоқсанда 1,5 миллионнан аса қоңырау түсті, – деді министр.
Оның айтуынша, министрліктің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге республика бойынша кемінде 13 мың рет шығып, 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылды және эвакуацияланды. Зардап шеккен 1 мыңнан аса адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.