Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Алматыда Мега сауда орталығының маңында жаппай төбелес болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін түнде ПД-ға Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына полицияның патрульдік экипаждарын жіберіп, құқықбұзушылықты тоқтатқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазір ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Төбелеске қатысы барлардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.